Previous Page  82 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 82 / 208 Next Page
Page Background

82

Тағылым таразысы

«Расулаллаһ бұл жігітті көргенде, қатты қуанар еді», –

деп бағалаған екен.

Өмірінде елу жыл бойы бірде-бір рет жамағатсыз

намаз оқымаған. Ол бұл жайлы: «Тура елу жыл бойы

намазда имаммен қатар тәкбір алдым», – дейді.

Мәдина әкімі Хишам күн сайын Саид ибн

Мүсәйябтың арқасына дүре соққызатын, өйткені ол

Әмәуи әулетінен Уәлидке мойынсұнбаған еді. Мәсрук,

Тауыс секілді табиғиннің үлкен имамдары: «Тіліңмен

болса да мойынсұнғаныңды айтып бұл бәледен

құтылсаңшы», – деп кеңес берсе де, Саид: «Халық

бізге қарайды, біз не істесек, соны істейді. Өзімнен гөрі

солардың жағдайына көбірек алаңдаймын», – деп алған

бетінен қайтпайтын.

Көңілі ояу

Бір күні ірі табиғин ғалымы Хасан Басриге бір адам

келіп, қызының соқыр болып қалғанын айтады.

– Әй, имам, менің қызым күні-түні Құдайды ойлап

көп жылайды. Тіпті қос жанары суалып кетті. Баспаған

жер, бармаған тауым жоқ. Ешкім емдей алмады, –

дейді.

– Мені ертіп бар, – деді Хасан Басри, – жолығып

көрейін.

Екеуі үйге жетеді. Шынымен де қызы су қараңғы

соқыр екен, өзі жылап отыр. Хасан Басри мұны

көргенде:

– Қызым, неге жылай бересің? Тіпті екі көзіңнен де

айырылыпсың, – дейді.

– Екі себептен соқыр болдым, – депті қыз, –

біріншісі, егер бұл көзбен ақыретте Аллаһтың жамалын

көре алсам, қазіргі көрген дүние соның жолында садақа