Previous Page  83 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 83 / 208 Next Page
Page Background

83

Сахабалар мен табиғиндер сабағы

болсын. Екіншіден, ақыретте бұл көзбен Аллаһтың нұр

дидарын көре алмасам, онда мұның маған не керегі бар?

Ондай көздің барынан да жоғы жақсы.

Бұны естігенде, Хасан Басри қыздың әкесіне

қарап:

– Сен мені бұл жерге ақыл айт деп әкелгенмен,

ақылгөй қызыңнан нағыз даналық сөз есіткіздің. Мұндай

көкірек көзі ашық адамдарға жай көздің керегі де бола

қоймас, – деген екен.

Баланы қарғамау

Бір кісі Ибн Мүбәракқа (р.а.) келіп баласының

қылықтарына ашулы екенін білдіреді. Ибн Мүбәрак: –

Балаңды қарғап па ең? – деп сұрайды. Ол: «Иә», – деген-

де, – Ендеше, балаңның тәрбиесін бұзған өзің екенсің,

– дейді.

Осы кейпімнен танбаймын

Табиғин кезеңінде нәпсімен күреске қатты көңіл

бөлінген.

Сол кезеңдегі ғалымдардың бірі Мәсруқ Мек-

кеде тұрған кезінде оң жаққа я сол жаққа жантай-

ып ұйықтамай, үнемі құбыланы бетке алып сәждеде

ұйықтаған. Науқастанған кезінде оған: «Кішкене

тынықпадыңыз ба?» – дегендерге, «Аллаһқа ант етейін,

ғайыптан маған бір дауыс естіліп: «Болды, Аллаһ сені

азаптамайды», – десе де, мен бәрібір осы кейпімнен тан-

баймын», – деп жауап берген.

Өкінішің бар ма?

Ибн Масғұд (р.а.) Куфада болған кезінде Куфа

мектебінің негізін қалады. Кейіннен жылдар өтіп