84
Тағылым таразысы
қартайған уақытта үстінен негізсіз шағым түсіп,
анықтау үшін Мәдинаға шақырылды. Іс біткенімен,
Куфаға қайта оралуға зауқы соқпады. Мәдинада сапа-
рында бір кісі келіп: «Бүгін түнде түсімде Расулаллаһты
көрдім. Қасында сіз отырдыңыз. Бір уақытта сізді өзіне
жақындатып: «Менен кейін саған көрсетпегендері
қалмады ғой, келші қасыма», – деді. Сіз: «Иә, Расулаллаһ,
енді Мәдинадан кетпеймін», – дедіңіз», – деп баяндай-
ды.
Арадан бірнеше күн өткенде, хазірет Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
медресесінің алғашқы әрі алғыр
шәкірті, Ислам дінін алғаш құшақ жая қабыл алған бес-
алты кісінің бірі болған Ибн Масғұд (р.а.) науқастанды.
Ұхұдта, Хандақта, басқа да кездерде қасында болған
хазірет Осман (р.а.) қалын сұрап келді. Екеуара мына-
дай әңгіме өрбіді:
– Нені уайымдайсың? Өкінішің бар ма?
– Көп.
– Ол не?
– Ақыретке кетіп бара жатқан бетім мынау,
күнәларымның көптігі анау.
– Қалауың не?
– Аллаһтың рақымын қалаймын.
– Емші алдыртайын ба?
– Мені ауыртқан сол емшің емес пе? Соған
қарағанда, ол маған ештеңе істей алмас» – деп күрсінді
науқас.
Көп өтпей Ибн Масғұд (р.а.) көз жұмды.
Дұға
Ибн Халлиқан «Уафаятул-аян» атты еңбегінде
Имам Шағбидан мынадай оқиғаны риуаят еткен: