80
Тағылым таразысы
Омарға (р.а.) Зейнеп анамыздың бұл жомарттығын
айтқанымызда, «Зейнептен тек осыны күтуге болады»,
– деп разылығын танытты. «Бүкіл ақшаларды садақа
етіп үлестірді деп естідім. Тағы мың дирхам жіберіп
отырмын, бірақ бұл ақшаны өзіңе жарат», – деп сәлем
жолдады.
Алайда Зейнеп анамыз ол ақшаны да жоқ-жітік-
терге таратып жіберді.
Өсиет
Сахабалардан Әнас (р.а.) әңгімелеуде:
«Бірде Сағд ибн Убада (р.а.) Аллаһ елшісін (с.а.с.)
қонаққа шақырды. Дастарханға құрма мен нан қойды.
Артынан сүт әкелді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бәрінен
ауыз тиді. Сөйтті де кетерінде:
«Дастархандарыңнан үнемі салиқалы адамдар дәм
татсын. Аузын бекіткендер үйлеріңнен аузын ашсын.
Періштелер дұға етіп, сіздерге кешірім тілесін», – деп
өсиет айтты».
Айша анамыз бен қызметшісі
Имам Мәлик риуаят етуде:
Айша (р.а.) анамыз ораза тұтқан күні бір кедей
жәрдем сұрап келеді. Үйінде бір жапырақ наннан басқа
азық жоқ еді. Соған қарамастан қызметшісіне: «Келген
адамға үйдегі нанды бер», – деді.
Қызметшісі: «Егер нанды берсек, кешкісін аш жа-
тамыз», – десе де, Айша анамыз қоярда қоймай нанды
әлгі кедейге ұсынды.
Кешкісін біреулер үйіне піскен ет пен нан әкелді.
Айша (р.а.) қызметшісін шақырып алды да: «Ал, бұл нан