Previous Page  76 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 76 / 208 Next Page
Page Background

76

Тағылым таразысы

Бұрын да әр түрлі адамдардың қолына түсіп қалғаным

бар.

Үммі Әнжар жас құлды Меккеде қылыш жасай-

тын бір ұстаға табыстады. Хаббаб ұстаның жанында

жүріп бұл өнерге әбден машықтанды. Іскерлігі пен

жауапкершілігіне сенім артқан қожайыны уақыт өте

келе Хаббабқа бір дүкен ашып берді. Бара-бара ол

нағыз шебердің біріне айналды. Жасаған қылыштарына

ел тамсанды. Бірақ Хаббаб кейде Мекке халқының

надандығына қатты қынжылатын. Сондай кездері өз-

өзін: «Әрбір түннің артынан таң атпай ма? Бізге де бір

таң атар», – деп жұбататын.

Қуанышына қарай, үміт еткен таң шапағы көп

күтірмей арайлады. Бір күні Хашым ұрпағынан бір кісі

шығып, бүкіл адамзатты жақсылық пен ізгілікке шақыра

бастады. Пұтқа табынуды тыйып, жалғыз Аллаһқа иман

етуді үгіттеді.

Бұны естігенде Хаббаб ақ жүрегі алып ұшып де-

реу Пайғамбарымызға (с.а.с.) жолығып, ақиқат дінді

қабылдады. Ол Ислам дінін қабылдаған алғашқы ал-

тыншы мұсылман болды.

Жаннаттың кілті

Бірде Уаһб ибн Мунаббихтен бір сахаба: «Лә иләһә

иллаллаһ» деген сөз жаннаттың кілті емес пе?» – деп

сұрайды. Ол: «Иә, бірақ әр кілттің тістері болады. Тістері

бар кілт қана есікті ашады. Тістері болмаса, ашылмай-

ды», – деп Аллаһтың бірлігіне иман келтіргеннен кейін

құлшылық жасаудың қажетті екенін білдірді.