Previous Page  73 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 73 / 208 Next Page
Page Background

73

Сахабалар мен табиғиндер сабағы

«Бір күні Талха (р.а.) жүз мың дирхамын садақа

етіп таратты. Сол күні мен оның көйлегіне жамау са-

лып отырған едім. Ауыстырып киетін өзге көйлегі

болмағандықтан, мешітке жамағатпен оқылған намазға

бара алмады».

Тапқырлық

Бала кездерінде Хасан мен Хұсейін (р.а.) екеуі бірге

намаз үшін дәрет алмақ болды. Алайда қастарындағы

қарт кісінің суды тым ысырап еткенін байқағанда,

көңіліне келмейтіндей етіп, ескерту жасағанды дұрыс

деп шешті. Сөйтті де Хасан қарияға естірте сөйлеп:

– Хұсейін, қаншама уақыттан бері дәрет алып ке-

лем, бірақ қате-дұрысын әлі ешкімге тексертпеппін. Мен

қазір дәрет алайын, қате жерлерін көрсең түсіндірші, –

дейді де дәрет ала бастайды. Хасан дәрет алғанда әдейі

қастарындағы кісінің жасаған қателіктерін қайталады,

Хұсейін оған ескертіп отырды. Қарт кісі қате жасап

отырғанның өзі екенін дереу түсінеді. Іле балаларға

қарап:

– Айналайындар, мен өз қатемді түсіндім. Сендерге

көп рахмет. Аллаһ разы болсын, – дейді риза кейіппен.

Хатами әс-Самның өсиеті

«Егер бұл оқитын жұма намаз соңғы намазың екенін

білсең, оны ықыласпен, жылап тұрып оқуға тырысатын

едің. Мүмкін, «Аллаһ кешірді» деген сүйінші хабарды

естімейінше, басыңды сәждеден алмас па едің.

Егер әр оқыған намазыңды «бұл соңғы нама-

зым шығар. Осы намазым арқылы Раббымды разы

қыламын. Бұл намазым арқылы жамандықтардан,

күнәлардан аулақ боламын. Ең үлкен азап болған