70
Тағылым таразысы
сонда бұған ашуланбайсың ба?» – деп сұрағанда, «Мен
бұл кісінің жеке басына емес, істеген қылығына ашула-
нам. Осы қылығын қойса болды, ол менің бұрынғыша
бауырым», – деп жауап қатты.
Нұр төгілгендей екен
Әбу Құрсафа әңгімелеуде:
«Мен, шешем және туыс әпкем серт беру үшін
Аллаһ елшісіне (с.а.с.) бардық. Қоштасып сыртқа
шыққанымызда, шешем мен әпкем маған: – Балам,
жүзі осыншалықты жылы, киімі осыншалықты таза,
сөзі соншалықты жұмсақ мұндай кісіні өмірі көрген
емеспіз. Мүбәрак аузынан нұр төгілгендей екен», – деп
таңғалысын жасырмады.
Жылыжүзділік
Үммү Дәрда (р.а.) әңгімелеуде:
«Күйеуім Әбу Дәрда бір нәрсе айтпақ болса, сөзін
күлімсіреп барып бастайтын. Бір күні мен оған: – Сенің
мына қылығыңды көрген ел не ойлайды? – дегенімде, ол:
–Аллаһ елшісі сөйлемекші болғанда үнемі күлімсірейтін,
– деп жауап берген еді».
Ең қиын үш жағдай
Хазірет Айша (р.а.) өте тақуа еді. Бірде жалғыз өзі
оңашада жылап намаз оқып жатқанда, Пайғамбарымыз
(с.а.с.) келіп не үшін жылағанын сұрады. Ол: – Уа,
Аллаһтың елшісі! Тозақтың азабын еске алып жыладым,
– деді, сөйтті де: – Қиямет күні сіз жанұя мүшелеріңізді
еске ала аласыз ба? – деп сұрады. Сонда Аллаһ елшісі
оған: – Уа, Айша, үш жерде ешкім ешкімді еске алатын
жағдай болмайды, – деп жауап берді, – Таразыға амал-