75
Сахабалар мен табиғиндер сабағы
түскенше желпи бастады. Маған қарап: «Салман, неге
бұлай жасап отырғанымды сұрамайсың?» – дегенде, мен
де «Айтыңыз, уа, расулаллаһ?» – дедім. «Бір мұсылман
жақсылап дәрет алып бес уақыт намаз оқыса, мына
түскен жапырақтар сияқты күнәларынан арылады», –
деді де, артынша: «(Мұхаммед) күндіздің екі жағында,
(таң мен екінті намазы) Түннің күндізге таяу кезінде,
(ақшам мен құптан) намазын толық орында. Анығында
жақсылықтар, жамандықтарды жояды. Бұл ойланғандар
үшін насихат» – деген аятты оқыды.
Алтыншы мұсылман
Бірде Меккедегі танымал адамдардың бірі Үммі
Әнжар базарға барып, шаруасына қолғабыс ететін
құл таңдады. Әрбір құлды жеке-жеке тексеріп өзі зе-
рек, денсаулығы мығым, көзі от шашқан бір баланы
кезіктірді. Іле ақшасын төлеп, ертіп кері қайтты. Жол
үсті Үммі Әнжар баладан жөн сұрағысы келді:
– Атың кім?
– Атым – Хаббаб.
– Ал әкеңнің есімі кім?
– Әрат.
– Қай жерден боласың?
– Нажидтен боламын.
– Онда сен араб болдың ғой.
– Иә, оның үстіне Бәні Тәмим тайпасынанмын.
– Олай болса, Меккедегі құл сатумен айналысатын
саудагерлердің қолына қалай түстің?
– Араб тайпаларының бірі бізге тұтқиылдан шабу-
ыл жасап, бар малымызды айдап кетті. Әйелдер мен ба-
лаларды тұтқынға алды. Мен сол тұтқындардың бірімін.