74
Тағылым таразысы
тозақтан құтыламын. Бұл намазым арқылы пейішке
кіремін» – деп ықыласпен оқитын болсаң, ол намаз сені
жалықтырмайды. Керісінше, саған ләззат, рухани азық,
көңіліңе қуаныш береді».
Намазды қалай оқисың?
«Намазды қалай оқисың?» деп сұрағандарға Хата-
ми әс-Сам (р.а.):
«Намаз уақыты таяғанда, жақсылап дәретімді
аламын. Намаз оқитын жерге барып, сәл кідіріп ойла-
намын. Сонан соң, намазға тұрамын. Қағба – дәл ал-
дымда, сират (қыл көпір) – аяғымның астында, жан-
нат – оң жағымда, ал тозақ – сол жағымда, Әзірейіл
– төбемде қарап тұрғандай сезіммен оқимын. Үміт
пен үрей арасында әлемдердің раббысы болған Аллаһ
тағаланың құзырында тұрғанымды ойлаймын. Тәкбір
алып, мағыналарына зер сала отырып, Құран аятта-
рын оқимын. Кішіпейілділікпен рукуғ жасаймын. Өз
тереңдігіне сай сәждеге барамын. Оң аяғымның ұшын
тіреп, сол аяғымды төсеніп отырамын. Осылайша нама-
зымды ықыласпен, шынайылықпен оқуға тырысамын»,
– деп жауап берген екен.
Жақсылық жамандықты жояды
Бір күні Әбу Осман (р.а.) мен Салман (р.а.) екеуі бір
ағаштың түбінде көлеңкелеп отырды. Салман әлдебір
құрғақ бұтақты сындырып алды да, жапырақтары
түскенше желпи бастады. Әбу Османға қарап: «Менің
неге бұлай жасап отырғанымды сұрамайсың ба?» –
деді. Ол: «Иә, неге?» – деді. Салман: «Бір күні Аллаһ
елшісімен бірге осылай бір ағаштың астында саяладық.
Ол тап мен сияқты қураған бұтақ алып жапырақтары