Previous Page  69 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 69 / 208 Next Page
Page Background

69

Сахабалар мен табиғиндер сабағы

Жамаулы киім кисең де

Сахаба Уқба ибн Амр (р.а.) қайтыс болар алдында

балаларына мына өсиетті қалдырған екен:

– Балаларым, сендерге үш нәрсе айтайын, ешқашан

ұмытпаңдар: Пайғамбарымыздың хадистерін сенімді

адамдардан ғана алыңдар, жыртық-жамау кисеңдер де,

қарызданбауға тырысыңдар. Мазмұны Құранға қайшы

келетін өлең жазбаңдар!

Сахабалар құрметі

Шағби (р.а.) айтуда:

«Бір жаназа намазын оқығаннан кейін, қайтар

мезетте Зәйд ибн Сәбитке (р.а.) көлігі қашырын

жақындаттым. Осы кезде Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.)

келіп, үзеңгіні ұстап бергісі келді. Бұны көргенде,

Зәйд: «Әй, Пайғамбарымыздың көкесінің баласы, әуре

болма, үзеңгіні жібер», – деді. Ибн Аббас: «Жоқ, бізге

ғалымдарды құрметтеу бұйырылған», – деді. Бұны

естігенде, Зәйд (р.а.) дереу Ибн Аббастың (р.а.) қолын

сүйіп: «Олай болса, бізге де Пайғамбарымыздың ең

жақын туыстарына (әһл-бәйт) осылай құрмет көрсету

бұйырылған», – деді».

Құдықтан құтқарар ма ең?

Сахабалардан Әбу Дәрда (р.а.) бірде күнә істеген

адамға жолықты. Топ адам әлгі кісіні жерден алып, жер-

ге салып ұрсып жатты. Бұны естігенде Әбу Дәрда (р.а.)

оларға: «Қойыңыздар, бұларыңыз не?Бұлкісініңқұдыққа

түсіп кеткенін көрсеңіздер құтқарар ма едіңіздер?» –

деді. Олар: «Иә», – дегенде, «Онда бауырларыңызға

ауыр сөз айтпаңыздар. Одан да өздеріңізді саулық бер-

ген Аллаһқа мақтау айтыңыздар», – деді. Олар: «Сен