Previous Page  64 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 64 / 208 Next Page
Page Background

64

Тағылым таразысы

Сөйтеді де Пайғамбарымыз (с.а.с.) намазын

бітірген соң, артынан үйіне дейін еріп барады. Үйге

кірісімен Туфәйл басынан өткендерді әңгімелеп, Ис-

лам діні жөніндегі сауалдарын қояды. Бұны естігенде,

Пайғамбарымыз (с.а.с.) қатты қуанып, оған діннің

негіздерінтүсіндіреді.Туфәйлсолжердемұсылмандықты

қабылдайды.

Сәлемдессек болды

Бірде Тұфайл ибн Әбу ибн Кағб (р.а.) өзімен бірге

базарға барғысы келген Абдуллаһ ибн Омарға (р.а.):

– Сіз базарға не үшін бармақсыз? Бір нәрсе сатып

алатын, не бір нәрсе сатайын деген түріңіз байқалмайды.

Одан да келіңіз, мына бір жерге отырып, біраз әңгіме-

дүкен құрайық, – дейді.

Сонда сүннет амалдарды істеуге құмар Абдуллаһ

ибн Омар (р.а.) оған:

– Біз кейде үйден тек сәлемдесу үшін шығамыз.

Кездескен кісілермен амандасып, есен-саулықтарын

сұрасып қайтсақ болғаны, – деп жауап берген екен.

«Жұмаққа түрегеп кіргім келеді»

Әнәс (р.а.) әңгімелеуде:

«Бірде Мәдинаның көшелерін басына көтерген

әлдебір у-шудан төңірек ел көшкендей азан-қазан бол-

ды. «Бұл не шу?» – деп сұраған Айша (р.а.) анамызға

төңірегіндегілер: «Абдуррахман ибн Ауфтың Шамнан

келген сауда керуені ғой», – деп жауап береді. Керуенде

жүк тиеген жүз түйе бар еді.

Айша анамыз сол кезде: «Мен Пайғамбарымыздың:

«Абдуррахман ибн Ауфтың жаннатқа еңбектеп кіріп

бара жатқанын көрдім» дегенін естіген едім», – дейді.