61
Сахабалар мен табиғиндер сабағы
қайдан алдың?!» – дейді таңдана. Али (р.а.): «Бұл – бізге
уәде етілген сый. Құранда «Кімде-кім Аллаһ тағалаға
бір жақсы амалымен келсе, оған жасаған амалының он
есесі беріледі» делінген»
3
деп жауап берді.»
«Әрең шыдадым...»
Бір күні Ибн Мәсғуд (р.а.) Аллаһ елшісінің (с.а.с.)
нәпіл намаз оқығанын көріп, байқатпастан артына ұйи
қалады. Бұл оқиғаны өзі былай баяндайды: «Намазға
тұра қалдым. Бар болғаны екі рәкат намаз еді, бірақ
Аллаһ елшісі намазда бүкіл дүниені ұмытқандай күй
кешті. «Бақара» сүресін бітіргенде, рукуғқа баратын
шығармыз деп ойладым. Ол «Әли Имран» сүресін
қоса оқи бастады. Біткен кезде «Енді рукуғқа баратын
шығармыз» – деп көңілім байыз таппай тұр еді, артынша
«Ниса» сүресін бастап кетті. «Нисадан» кейін «Мәида»
сүресін толық оқып барып, рукуға иілді. Алғашқы
рәкаттың өзінде-ақ осы төрт сүрені, яғни Құранның 124
бетін оқыды. Сол уақытта маған бір ой келді».
Жанында отырған сахабалар таңырқап: «Ол қандай
ой?» – деп сұрады. Сонда Ибн Мәсғуд: «Намазды сол
жерден үзсем бе екен деп ойладым», – деген екен.
«33 рет субханаллаһ»
Әбу Һұрайра (р.а.) әңгімелеуде:
«Бір күні мұһажирлердің кедейлері: «Уа, Аллаһтың
елшісі! Байлар байлығымен көп сауапқа кенелуде.
Дәрежелері де биіктеуде. Біз олардың деңгейіне қалай
қол жеткіземіз? Біз оқыған намазды олар да оқиды, біз
тұтқан оразаны олар да тұтады. Құл азат етеді. Садақаны
3
«Әнғам» сүресі, 160-аят