60
Тағылым таразысы
қорғаушылар, Исламның қызметшілері. Солармен
жолыға алғанымда!... – деп мұңайды.»
Он есе сауап
Үбәйдуллаһ ибн Мұхаммедтің (р.а.) әңгімелеуде:
«Бірде қайыр тілеп жүрген біреу хазірет Алидің
есігін қақты. Али (р.а.) ұлына: «Анаңа алты дирхам бер-
ген едім. Соның бірін алып кел», – деп жұмсайды. Ұлы
қайтып келіп: «Анам оған ұн алмақшы екен», – деді.
Али (р.а.): «Мүмін дүниесін сауап жолында жұмсамай,
қолында сақтағанды артық көрсе, онда оның иманы
толық болмағаны», – деп, әлгі дирхамның барлығын
алып келуін әмір етеді. Хазірет Фатима анамыз алты
дирхамды баласынан беріп жібереді. Али (р.а.) бұл
қаражатты қайыршының қолына ұстатады.
Сол арада түйесін сатпақ болған бір адам Алидың
үйінің тұсынан өтіп бара жатты. Али (р.а.) түйенің
бағасын сұрайды. Түйекеш: «Жүз қырық дирхам», –
дейді. Али (р.а.) саудаласып жатпастан: «Түйеңді маған
қалдырып кет. Ақшасын кейін беремін», – деп түйені
алып қалады. Осы кезде табан астынан түйе сатып
алғысы келген басқа біреу кеп: «Бұл кімнің түйесі?» –
деп сұрады. Али (р.а.): «Менің түйем», – деді. «Түйеңді
маған сатасың ба?» – дейді бейтаныс. «Сатамын», –
дейді Али (р.а.). «Қанша сұрайсың?» – дейді аларман.
Али (р.а.): «Екі жүз дирхам», – деді. Сатып алушы бұл
бағаға екі сөзге келмей келіседі.
Хазірет Али алғашқы түйенің иесіне қарызын, яғни
жүз қырық дирхамын қайтарып берді. Қалған алпыс дир-
хамды Фатима анамызға алып келгенде, ол «Бұларды