Previous Page  55 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 55 / 208 Next Page
Page Background

55

Сахабалар мен табиғиндер сабағы

– Төрінен көрі жуық мына кісіге жаным ашып жы-

ладым. Осы жасқа келгенше адамзаттың мақтанышы

Мұхаммед пайғамбарды

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

танымаған

екен. Танымаған қалпында дүниеден өтіп бара жатыр.

Мұны көрген мұсылман жыламай қайтсін, – дейді.

Өздері жеп қоятын

Омар (р.а.) баяғы надандық дәуірді есіне алса, кей-

де күліп, кейде жылайтын. «Жылайтын себебім, – дейді

екен сұрағандарға, – ол кезде иісі араб халқы қыз бала-

дан обадан бетер үркетін. Тіпті қыздары төрт-бес жасқа

келгенде, тірідей көміп тастайтын. Осыны ойласам

қамығып жылағым келеді. Ал, күлкім келетіні халық

қамырдан пұт жасап, соған табынатын. Бірақ қарындары

ашса, сол табынғандарын өздері жеп қоюшы еді».

Бізді де ұмытпа

Хазірет Омар (р.а.) бір күні Пайғамбарымызға

(с.а.с.) келіп Ұмра жасау үшін рұқсат сұрады. Ол рұқсат

беріп тұрып:

– Омар, дұғаңа бізді де қосуды ұмытпа, – деп

өтінді.

Омар (р.а.) бұған есі шыға қуанады. Оның қуанышы

өз қалауына тиісті рұқсатын алғанына емес, Адамзаттың

ардақтысының өзінен дұға ет деп сұрауына байланысты

туындап еді.

Осы сәтті ылғи да еске алып: «Ол мен естіген ең

қымбат сөз еді. Қуаныштан төбем көкке екі-ақ елі жет-

пей қалғаны есімде», – дейді екен.