Previous Page  54 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 54 / 208 Next Page
Page Background

54

Тағылым таразысы

енге оралып, көргені мен естігенін түгелдей жеткізеді.

Керуен мүшелері: «Сонда түні бойы біздің керуенді

күзетіп шыққан кісі мұсылман мемлекетінің басшысы

халифа Омар ма?!» – деп таңғалысады. Әсіресе керуен-

басы қатты толқып:

– Мен халифаны тауып алып сөйлесейін, рұқсат

етсе, мұсылман дінін қабылдаймын, – дейді. Артынша

керуенбасыға еріп, қалған саудагерлер де мешітке қарай

асыға беттеп бара жатты.

Алдыңа келгенді тең көр

Бір күні сахаба Үбәй ибн Кағб (р.а.) пен хазірет Омар

(р.а.) бір мәселеде таласып, қазыға барып жүгінеді. Қазы

халифаның келгенін көргенде, орнынан ұшып тұрып

орындық ұсынады. Бірақ бұл аңдаусызда Омардың (р.а.)

ашуын туғызады:

– Сен төрелігіңді бастамай жатып алдыңа келген

адамдарды алаладың. Мен бұл жерге халифа ретінде

емес, сенен әділет іздеген қарапайым мұсылман ретінде

келіп отырмын. Менің халифалығым бұл жерде есепке

алынбауы тиіс!

Омар (р.а.) – осыншалықты әділдікке жіті мән

берген жан. Сол үшін де Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған

«Фаруқ» деген лақап ат қойған.

Жаным ашыды

Бір күні халифа Омар (р.а.) бірнеше адамдармен

шіркеудің жанынан өтіп бара жатып, сақал-шашы аппақ

қудай, қарттықтан қалжыраған бір попты кезіктіреді.

Халифа оны көргенде, көңілі босап, солқылдап жылап

жібереді. Жанындағылар себебін сұрағанда: