Previous Page  51 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 51 / 208 Next Page
Page Background

51

Сахабалар мен табиғиндер сабағы

сан мәрте адалдығын дәлелдеген тақуа кісі еді. Барлығы

Әбу Бәкірді халифа етіп сайлады.

Осы күннен бастап ұлы мұсылман мемлекетін Әбу

Бәкір (р.а.) басқарды, көмекшісі хазірет Омар (р.а.) бол-

ды. Сол уақыттарда халифалыққа хазірет Омарды лайық

көргендер де кездесті. Оларды Омар (р.а.):

– Аллаһқа ант етейін, Әбу Бәкірдің бір түнгі

ғибадаты Омардың бүкіл әулетінің жасаған ғибадатынан

жоғары, – деп тыйып тастады.

Әбу Бәкірдің (р.а.) мәрттігі

Әсма (р.а.) әңгімелеуде:

«Әкем Әбу Бәкір Аллаһ елшісімен бірге Меккеден

Мәдинаға һижрет еткенде, қолындағы бүкіл дүниесін,

яғни алтымыңғажуық дирхам ақшаның барлығын өзімен

бірге ала кетті. Әкем кеткен соң, атам Әбу Кухафа жа-

ныма келді. Көзі көрмейтін. «Әбу Бәкір түк қалдырмай,

бүкіл дүниені өзімен бірге ала кетті, сендерді қиын

жағдайда қалдырып барады», – деді. «Жоқ, ата. Әкем

бізге көп дүние қалдырып кетті», – дедім мен. Атамды

амалсыз алдауыма тура келді. Тас шағылдарын жина-

дым да үстін матамен жауып қолына ұстаттым. Атам

бұл сөзіме иланып қалды. Алайда әкем бізге бір сабақ

жіп те қалдырмаған болатын. Мен тек қарт атамның

уайымдамауын ойлаған едім.

«Тамақтың өлшемі»

Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) айтқан әңгіменің бірі адам

баласы үшін ас ішудің өлшемі іспетті танылады.

«Құлшылықтың терең дәмін тату үшін мұсылман

болғалы тоя тамақ жемедім. Аллаһқа қауышудың

құмарлығымен қанып су да ішпедім, өйткені көп жеу