46
Тағылым таразысы
Рүкәна болса «Құдай ақы, сен менен әлдеқайда
жақсылығы мол, ізгі жансың» деп күбірлеп қала берді.
Бірақ көпке дейін «бұл сиқыр емес пе екен» деген
күдіктен арыла алмай жүрді.
Мекке азат етілгеннен кейін барып Ислам дінін
қабылдады. Кейіннен Мәдинаға сапар шегіп бара
жатқанда жолда қайтыс болып, сол жерге жерленді.
Намаздың сиқыры
Жаймашуақ күндердің бірінде Пайғамбарымыз
(с.а.с.) мешітте отыр еді. Жанына бір адам келіп
жайғасты да: «Ей, Аллаһтың расулы, мен күнә жасадым,
мені жазалаңыз», – деді. Аллаһ елшісі үн қатпады. Әлгі
кісі айтқанын тағы да қайталады. Осы арада намаздың
уақыты болып, жамағат намаз оқыды. Намаздан кейін
жаңағы адам тағы да жабыса кетті. Пайғамбарымыз
(с.а.с.) сәл кідіріп оған қарады да: «Үйіңнен шығарда
жақсылап дәрет алып па едің?» – деп сұрады.
– Иә, жақсылап дәрет алғанмын.
– Жаңа бізбен бірге намаз оқыдың ғой?
– Иә, оқыдым.
Сонда Нәби:
– Онда Аллаһ сенің күнәңді кешті, – деді.
Жұмақтағы үш сарай
Имран ибн Хұсейін (р.а.) әңгімелеуде:
«БасқасахабаларғақарағандаПайғамбарымыз(с.а.с.)
маған бөлекше ілтипатпен қарайтын. Бір күні маған:
«Әй, Имран, саған ерекше құрметпен қарайтынымды
білесің, менімен бірге қызым Фатиманың қалын сұрап
үйіне кіріп шығуға қалай қарайсың?» – деді. Мен бұған