43
Пайғамбарлар парасаты
тап, шарапатты дұғаңызды арнаңызшы. Бәлкім, Аллаһ
анама рақым етіп, жаһаннам азабынан сақтар», – деп
қиыла өтініш жасады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінің адал досы, үңгірде
жанынан табылған жолдасы, мұңдас әрі сырласы Әбу
Бәкірдің өтінішін орындап, анасына дұға жасады. Іздеп
барып насихат та айтты.
Көп өтпей Үммі Хайыр да мұсылман болды, тіпті
мұсылман үмбетінің ішіндегі ең құрметті аналардың
қатарына қосылды.
Ең игілікті іс
Бірде Құрайыштармен келісімшарт жасау
мақсатымен Меккеге бір топ адам келді. Араларын-
да Ияс ибн Муаз секілді бірнеше жастар да бар еді.
Аллаһ елшісі (с.а.с.) оларды Ислам дініне шақыру үшін
қастарына барып, жайлап әңгімеге тартты:
– Сіздер өздеріңіз ойлап келген істен де игілігі мен
сауабы мол іске қалай қарайсыздар?
– Ол қандай іс?
– Мен пайғамбармын. Аллаһ мені пұттардан бас
тартқызып, бір Өзіне ғана құлшылық қылуға шақыруым
үшін адамзатқа елші етіп жіберді. Қасиетті кітабын
түсірді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) жастарға біраз Ислам
ақиқаттарын түсіндірді, Құраннан аяттар оқыды. Бұны
естігенде Ияс толқып: «Ей, қауымым! Расында да бұл
өте игілікті іс екен», – деді мойындағандай сыңай та-
нытып. Алайда әлгі топтың ішінен біреу жерден бір
уыс топырақ алып Иястың бетіне шашты. Сөйтті де осы
айтқаны үшін оны қатты сөкті.