38
Тағылым таразысы
– Cен білемісің, ақылдасудың ақыреттік олжасы –
жұмақ, – деген жауап естиді.
Сәжде ет
Аллаһ расулына Әбу Райхана (р.а.) келіп, Құранды
жаттай алмай жүргенін, есте сақтау қиынға соғатынын
айтады.
– Ендеше, сәждеге көбірек көңіл бөл, – деп кеңес
береді сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.).
Шамам келетін істің ең қайырлысы
Мұхаммед ибн Ысқақ (р.а.) әңгімелеуде:
«Естуімше, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Меккеден
Мәдинаға көшіп бара жатып былай деп дұға етіпті:
– Жоқ кезімде мені жаратқан Аллаһқа мадақ!
Дүниенің қорқынышынан, заманның кесір-кесепатынан,
күн мен түннің бәлекетінен мені сақтай гөр. Сапарымда
жолдас, әрқашан маған қорған бола гөр!
Аллаһтың рақымы
Жәбир ибн Абдуллаһ (р.а.) әңгімелеуде:
Аллаһ елшісіне бір адам келді де:
– Қап, күнәларымның көптігі-ай! – деп күйіне
берді. Пайғамбарымыз оған:
– «Аллаһ тағалам, Сенің мейірімің мен кешірімің
менің күнәларымнан үлкен. Рақымың маған қателерімді
кешер деген үміт береді» деп айт, – дейді.
Бейтаныс мұны сөзбе-сөз қайталады. Аллаһ елшісі
тағы да қайталауын сұрады. Ол тағы қайталады. Аллаһ
елшісі тағы бұйырды. Жігіт тағы қайталады. Сонда
Аллаһ елшісі жігіттің иығына қолын қойып:
– Тұра ғой, мейірімді Аллаһ сенің күнәңді кешірді,
– деді.