Previous Page  33 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 33 / 208 Next Page
Page Background

33

Пайғамбарлар парасаты

айтпас па екенсіз? Аңдаусызда солардан бірі мен болып

қалмайын деп қатты қорқып тұрмын, – деді.

Сонда Пайғамбарымыз оған: – Әй, Сәлім, олар ел

қатарлы ораза ұстайды, намаз да оқиды. Алайда бір

дүниеге тап келе қалса, көзі тұнып бас салады. Міне,

Аллаһ тағала осындайлардың амалын қабылдамайды,

– деді.

Достың үш түрі

Мұхаммед пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

үмбетіне қалдырған өсиеттерінің бірі ғибратқа толы мы-

надай нақылға құрылған:

«Адам баласының үш досы бар:

Бірінің достығы кісінің жаны шығып кеткенше,

екіншісінікі қабірге қойылғанша, үшіншісінің достығы

өлгеннен кейін қайта тіріліп, Аллаһтың алдына барғанша

жалғасады.

Өлгенге дейін қасында болатын досы – оның дүние-

байлығы.

Қабірге қойылғанша жанында жүретін досы –

өмірлік жары.

Қайта тіріліп, Аллаһтың алдына барғанша жаны-

нан айырылмайтын досы – бұл дүниеде жасаған амал-

дары».

Әр үмбеттің куәгері

Бір жолы Аллаһ елшісі (с.а.с.) Абдуллаһ ибн

Масғұдқа (р.а.): «Маған Құран оқышы, тыңдайын», –

дейді. Ибн Масғұд: «Құран өзіңізге түсті ғой, мен оны

сізге қалай оқимын?» – деп сұрағанда, Аллаһ елшісі:

«Мен Құранды басқадан тыңдағанды ұнатамын», – деп

жауап береді. Ибн Масғұд «Ниса» сүресінен бастап оқи