Previous Page  31 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 31 / 208 Next Page
Page Background

31

Пайғамбарлар парасаты

– Ішімізде олжадан білдірмей зат ұрлаған біреу бар.

Ол ұрыны табу үшін әр рудан бір адам шығып, менің

қолымды ұстап тұрып ұрының өз руынан емес екенін

айтсын, – дейді.

Әр рудан бір-бір адамнан келіп ұрының өздерінен

емес екенін айтып жатты. Кезекті бір адам пайғамбар

қолын ұстай бергені сол еді, қолы желімдеп тастағандай

жабысты да қалды. Ұрылы ру табылды. Енді осы рудан

әр адам өзінің ұры емес екенін айтып ақталу үшін ке-

зекке тұрды. Бұл жолы екі-үш адамның қолы жаңағыдай

жабысып қалды. Ұрланған алтынды шығарып қазынаға

тастағаны сол еді, үйінді лапылдап жана бастады. Ол

кезде олжадан алынған мал харам болатын.

Мұхаммед пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

әңгімесін жалғастырып:

– Білесіңдер, бізден бұрын ешқандай қауымға

соғыстан түскен олжа адал болмаған еді. Аллаһ олжаны

мұсылман үмбетіне ғана адал етті. Бұл да Раббымыздың

бізге деген қайырымдылығы, – деді.

Сіз кімсіз?

Мекке маңында елден жырақ үнемі мал бағатын бір

жас бала бар еді. Аты Абдуллаһ ибн Масғуд болатын.

Бірде ол күндегі әдетінше қой жайып отырып ана-

дай жерде өзіне қарай жақындап келе жатқан екі жолау-

шыны көрді. Жақындаған сайын олардың шаршағаны

әрі қатты шөлдегені байқалды. Екеуінің де тамағы кеуіп,

еріндері жарылып кетіпті.

– Әй, балақай, қаталап өліп барамыз, бізге сүт сау-

ып берші, таңдайымызды жібітейік, – деп өтінді олар

таяп келіп.