37
Пайғамбарлар парасаты
қалай өтедің?» – деп сұрағанда, әлгі бейбақ: «Арқама са-
лып қажылығын жасаттым», – деді. Сонда Ақиық елші
(с.а.с.): «Сен оның бір толғағын да өтей алмапсың», –
деген еді.
Жұмаққа дән егу
Әбу Әйюб әл-Ансари (р.а.) әңгімелеуде:
«Миғраж түні Аллаһ расулы (с.а.с.) Ибраһим
пайғамбармен (а.с.) жолығады.
– Уа, Мұхаммед, – дейді Ибраһим (а.с.), – үмбетіңе
айт, жұмаққа қазірден бастап дән еге берсін. Жұмақтың
топырағы өте құнарлы. Өздеріне бірнеше есе молайып
қайтады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) жұмақ дәнінің не екенін
сұрағанда, Ибраһим (а.с.) оның «Лә хаулә уә лә қууатә
иллә билләһ» екенін айтыпты».
Ислам деген не?
– Маған Исламды үйретсеңіз, – деген бір бәдәуиге
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
– Ислам – Аллаһтан басқа құдай жоқ екеніне,
Мұхаммедтің Аллаһ елшісі екеніне куәлік етуің, иман
келтіруің, намазыңды дұрыс оқуың, малыңнан зекет
беруің, Рамазанда ораза ұстауың, қажылыққа баруың,
өзіңе қалағаныңды өзгеге де қалауың, өзіңе қаламағанды
өзгеге де қаламауың, – деп ұтымды да, нақты жауап
қайтарған екен.
Ақылдасудың пайдасы
– Уа, Аллаһтың елшісі, ақылдасудың бізге қандай
пайдасы бар? – деп сұраған Абдуллаһ ибн Амр (р.а.):