34
Тағылым таразысы
бастайды. «Әр үмбетті (пайғамбарларымен тірілтіп)
әкелгенімізде, сол күн қандай күн болады десеңші?»
деген 41-аятқа жеткенде, Ақиық елшінің (с.а.с.) көз ша-
расы жасқа толып, жүрегі өрекпіп, қолымен «Жә, жетер,
тоқтат!» дегендей ишара жасады...
Кімнің дәрежесі биік?
Бір кісі: «Ғалыммен тақуаның қайсысының дәрежесі
биік?» – деп сұрағанда, Аллаһ елшісі:
– Мен араларыңдағы ең төменгі дәрежедегі адамнан
қаншалықты жоғары болсам, ғалымдар да тақуалардан
соншалықты санатта биік тұрады. Себебі екі дүние, төрт
тараптың сыры білімділерге мәлім болмай ма? Аллаһ,
періштелер, тіпті құрт-құмырсқа мен теңіз жәндіктеріне
дейін білімділерге дұға етеді, – деді де мына аятты
оқыды: «Құлдардың арасындағы ғалымдар ғана Аллаһқа
лайық түрде құрмет көрсетеді»
2
Маңызды бес нәрсе
БірдеПайғамбарымыз (с.а.с.) адамзаттыңкелешегіне
көз жүгіртіп, тұнжырап былай деген:
«Сондай бір заман тап болғанда, үмбетім бес нәрсені
ұмытып, бес нәрсені жақсы көретін болады:
Дүниені жақсы көріп, ақыретті ұмытады;
Малды жақсы көргенмен, ақырет күні оның есебін
беретінін ұмытады;
Жаратылғандарды жақсы көргенмен, Жаратушыны
ұмытады;
Күнәні жақсы көріп, тәубаны ұмытады;
Сәнді сарайларды жақсы көріп, қабірді ұмытады».
2
«Фатыр» сүресі, 28-аят