Previous Page  39 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 39 / 208 Next Page
Page Background

39

Пайғамбарлар парасаты

Үш «әмин»

Кағб ибн Ужра (р.а.) әңгімелеуде:

«Бір күні Аллаһ елшісі мінберге бір саты жоғары

көтерілгенде «Әмин» деді. Екінші басқанда тағы

да «Әмин» деді. Үшіншіде тағы айтты. Мінберден

түскеннен кейін:

– Уа, Аллаһтың елшісі, бүгін сізден бұған дейін

көрмеген қимыл көрдік. Не екенін түсіндірмес пе

екенсіз? – дедім. Сонда ол:

– Жәбірейіл періште келіп: «Рамазанға жете тұра

(ораза ұстап) күнәдан тазармаған адам оңбасын», – деді.

Мен «Әмин» дедім. Екінші сатыға шыққанда, «Сенің

атыңды ести тұра, салауат айтпаған адам оңбасын», –

деді. Мен «Әмин» дедім. Үшінші сатыға шыққанда,

«Әке-шешесі қартайғанда, соларды бағып ризалығын

ала алмаған адам оңбасын», – деді. Мен тағы да «Әмин»

дедім, – деп түсіндірді.».

Сен асықтың

Фәдала ибн Үбәйд (р.а.) әңгімелеуде:

«Аллаһ расулы (с.а.с.) мешітте отыр еді. Бір адам

келді де, намаз оқыды. Бітіргеннен кейін былай деп дұға

етті:

– Я, Аллаһ, мені кешір, маған мейірімді бола гөр!

Мұны бақылап отырған Аллаһ елшісі (с.а.с.):

– Сен асықпа. Намазыңды бітіргеннен кейін алды-

мен жақсылап Аллаһқа мадақ айт, одан кейін маған са-

лауат айт, содан кейін барып тілек тіле, – деді.

Біраздан кейін мешітке тағы бір адам кірді. Нама-

зын бітіргеннен кейін Аллаһқа мадақ айтты, елшісіне

салауат айтты. Мұны да қарап тұрған Пайғамбарымыз

(с.а.с.):