Previous Page  44 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 44 / 208 Next Page
Page Background

44

Тағылым таразысы

Топ Мәдинаға қайта оралады. Ияс ибн Муаз көп

уақыт өтпестен қайтыс болды. Оның жан тапсырған

уақытқа дейін Аллаһты пәктеп, дұға оқып, күбірлеумен

болғандығын жанындағылар естіді. Тіпті мұсылман бо-

лып жан тапсырғанына ешкім шүбәланбады.

Екі мұғжиза

Құрайыш мүшріктерінің Рүкәна дейтін палуаны бар

еді. Жауырыны жерге тимеген ол атыраптағы ең күшті

палуан саналатын. Бір күні Рүкәна Мекке маңында ота-

рын жайып жүріп, Аллаһ расулымен ұшырасып қалады.

Аллаһ расулы одан:

– Ей, Рүкәна, Аллаһтан қорықпайсың ба? Хақ дінге

қашанғы қарсылық көрсете бермексің? – деп сұрайды.

Алайда Рүкәна бұл жолы еш күтпеген тың бір

ұсынысты алға тартты:

– Уа, Мұхаммед, кәне күреселік. Егер мені жеңсең,

айтқандарыңа мойынсұнамын.

– Егер сені жеңсем, шынымен Ислам дінін

қабылдайсың ба?

– Иә, сен мені жеңетін болсаң, мұсылмандықты

қабыл етемін немесе мына қойлардың бәрін саған

беремін. Ал мен жеңсем, сен пайғамбарлықтан біржолата

бас тартасың.

Екеуі осы сөзге тоқтап, күресе кетті. Ә деген-

ше Аллаһ расулы Рүкәнаны жерге алып ұрды. Рүкәна

екінші рет күресейік деді. Қайтадан күресті. Бұл жолы

да палуанның жауырыны жер сипап қалды. Рүкәна тағы

да күреспек болды. Үшінші мәрте күрескенде де нәтиже

өзгермеді, Рүкәна жеңілді.