41
Пайғамбарлар парасаты
– Мұхаммедті өлтіріп тастауға бара жатырмын! –
деген жауаптан соң оны тоқтатудың амалын ойлайды.
Нуаймның өзі де мұсылмандықты қабылдаған бо-
латын, бірақ Омар бұдан бейхабар еді. Сол себепті не де
болса оның бетін қайтарғанды жөн көріп:
– Сен одан да алдымен өз қарындасың мен күйеу
балаңды тыйып алсаңшы. Олар да пұттардан бас тар-
тыпты ғой, – дейді.
Бұны естігенде Омар Нуаймға ләм-мим деместен
бұрылды да, тіке қарындасының үйіне тартты.
Омар келгенде, күйеу баласы мен қарындасы Құран
оқып отырған болатын. Босағадан аттай берген Омар-
ды көріп апыр-топыр қағаздарды жинай бастады. Омар
кіріп келіп, дүрсе қоя бергенде, олар: «Иә, біз Ислам
дінін қабылдадық. Не істесең де көріп алдық», – деді
тайсалмай. Бұны естігенде күйеу баласының жағасына
жармасты. Араға түскен қарындасын да ашумен бір
ұрды. Қарындасының жылағанын көргенде барып,
аяушылығы оянды. Әрі олардың табандылығы да
таңырқатты. Сөйтті де кешірім сұрап, әуесқойлықпен
тыққан жазудың не екенін өзінің де оқығысы келетінін
білдірді. Қарындасы әуелі жуынуы керектігін ескертті.
Омар жуынып келіп, аят жазылған қолына алып оқи
бастады. Оқыған сайын көңілі нұрланып, бойын ғажап
бір күй биледі. Аяттардағы терең мағынаны байқады.
Бір уақытта: – Расында, бұл – Жаратушының сөзі.
Мұхаммедтің өзі қайда қазір? – деп сұрады. Қарындасы
Әрқамның үйінде екенін айтты. Омар атып тұрыпшығып
кетті. Сол бетімен Әрқамның (р.а.) үйіне келіп, Ислам
дінін қабылдады. Бұған сол жердегі мұсылмандар қатты
қуанып, «Кешегі дұға қабыл болды» десті, өйткені бір
күн бұрын Пайғамбарымыз (с.а.с.) дұғасында «Уа, раб-