Previous Page  36 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 36 / 208 Next Page
Page Background

36

Тағылым таразысы

деді де бір-біріне фиқһ пен дін үкімдерін үйретіп жатқан

кісілердің жанына барып отырды.

Жақсылықтың ең үлкені

Әбу Зәрр (р.а.) әңгімелеуде:

«Бірде Пайғамбарымызға (с.а.с.) барып «Маған

ақыреттік пайдасы бар кеңес беріңізші?» – дегенімде, –

Дүниелік ісіңнің артынша дереу сауапты іс жаса. Қатең

менен күнәңды жуып-шайсын, – деген жауап алдым.

– «Лә иләһә иллаллаһ» деп айту да сауапты іске

жата ма? – деп сұрағанымда, – О не дегенің? Бұл сөз –

жақсылықтың ең үлкені», – деп айтты деп, – Әбу Зәрр

(р.а.) адамзат үшін сауапты әрекеттерді атап көрсетті.

«Бір толғағын да өтей алмапсың»

Бірде бір кісі келіп, қартайған шешесінің мінезінен

мезі болғанын айтып шағымданды. Пайғамбарымыз

(с.а.с.) оған: – Сені тоғыз ай көтергенде мінезі жаман

болмаған шығар? – деді.

Әлгі кісі: – Рас, айтам, мінезі шатақ, – деп сөзінен

қайтар болмады.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: – Сені бауырына са-

лып екі жыл емізгенде мінезі шатақ болмаған шығар?

– деді.

Шағымданушы тағы да анасын жамандауды

жалғастыра берді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.): – Сен үшін қанша түнді

ұйқысыз өткізгенде мінезі жаман болмаған шығар? –

деді.

Әлгі кісі оның сауалынан кейін: – Мен оның бо-

рышын әлдеқашан өтегем, – деп қабағын кіржитті.

Таңырқаған Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Анаңның ақысын