40
Тағылым таразысы
– Ей, жолаушы, қазір не қаласаң да сұра, дұғаңды
Аллаһ қабыл етеді, – деді.».
«Шешеңді сыйла»
Бірде сахабалардың бірі дін жолында жиһадқа
шыққысы келетінін, бірақ қолының қысқа екенін айтып
өкініш білдіреді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Үйдегі
әке-шешең тірі ме еді?» – деп сұрайды. Ол: «Иә, шешем
тірі», – дегенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны: «Ендеше,
сен үйдегі шешеңді жақсылап күт. Анаңның көңілін тау-
ып, ризашылығын алсаң, қажылық пен ұмра жасағандай
сауапқа кенелесің. Дін жолында күрескен мүжаһидтің
сауабынан да құр қалмайсың», – деп қайтарды.
Шапағат
Әбу Һұрайра (р.а.) әңгімелеуде:
«Бір күні Пайғамбарымызға (с.а.с.) барып, қиямет
күні оның шапағатына ең көп кімдер кенелетінін
сұрадым. Ол әдеттегі байсалды қалпымен:
– Бұл сөзді сенен бұрын ешкім сұрамас деп ойлай-
тынмын, өйткені сенің хадистеріме дегенынтықтығыңды
білемін. Иә, қиямет күні менің шапағатыммен бақыт
құшатындар – бар ықыласымен «Лә иләһә иллаллаһ»
дейтіндер, – деп жауап берген еді».
Дұғаның қабыл болуы
Бірде мүшріктердің айтақтауымен Омар (р.а.)
Пайғамбарымызды (с.а.с.) өлтіруге кетіп бара жатты.
Жолай алдынан Нуайм кездесті.
– Уа, Омар, түрің сұсты ғой, қайда тарттың? – деп
сұрайды.