45
Пайғамбарлар парасаты
– Құдай ақы, бұл бір таң қаларлық жайт. Сен мені
қалайша жеңдің? Ақылыма сияр емес. Сиқырың сұмдық
екен.
Аллаһ елшісі:
– Қаласаң, бұдан да ғажап мұғжиза көрсетейін,
мүмкін сонда айтқандарыма илігерсің?
– Ол не нәрсе? – деп сұрады Рүкәна қызыққандай.
– Анау өсіп тұрған ағашты жаныма шақырамын, –
деді де, әлгі ағашқа қарап: «Аллаһтың рұқсатымен жа-
ныма кел», – деді. Ағаш тамырларымен жерді жыртқан
бойда бері қарай жылжи бастады.
– Расында, бүгінге дейін мұндай сиқыр көрмеппін,
сен енді оны қайтадан орнына көшір, – деді Рүкәна.
Пайғамбарымыз тағы әмір еткенде, ағаш өз орнына
жетіп жайғасты.
Аллаһ елшісі:
– Абыройың бар да, мұсылмандықты қабылда, –
деді.
– Қабылдамаймын.
– Олай болса, мен сенің мына отарыңды аламын.
– Жарайды, ал. Бірақ жұртқа не демексің?
– Рүкәнаны күресте жеңіп, отарын иелендім
деймін.
– Рүкәнамен жай бәстесіп ұтып алдым деп айта
салсаң болмай ма?
– Онда өтірік айтқан боламын.
– Барлық сөзің мен ісің жалған емес пе? – деп
қойып қалды Рүканә. Бұған ренжіген Пайғамбарымыз
(с.а.с.) :
– Отарыңды алмай-ақ қойдым, керек емес, – деді
кейіп.