Previous Page  49 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 49 / 208 Next Page
Page Background

ІІ Бөлім

САХАБАЛАР МЕН ТАБИҒИНДЕР

САБАҒЫ

Әбу Бәкір (р.а.) және ауызашар

Әбу Бәкір (р.а.) жаздың ми қайнаған ыстық

күні ораза ұстады. Кешкісін ауызашарда дастархан-

да бар болғаны бір тостаған су тұрды. Суық суды

енді ауызға ала бере Әбу Бәкір (р.а.) әлдене еске

түскендей еңкілдеп жылап жіберді. Өз-өзіне келген-

де, қасындағылар одан неліктен жылағанын сұрады.

Әбу Бәкір (р.а.) былай деп жауап берді:

– Бір күні Пайғамбарымызбен

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

отырғанда, әлден уақытта қолымен бір нәрсені

кері итергендей қимыл көрсетті. Жақындамақшы

болған біреуді өзіне жақындатқысы келмегендей

әсер берді. Сәлден кейін мен: – Уа, Аллаһтың елшісі,

жаңа қолыңызбен бір нәрсені кері итеріп жаттыңыз?

– деп әлгі қимылының мәнін білмек болдым.

Сонда ол: «Дүние қызылды-жасыл күйінде

таяп келіп, өзін қабылдатқысы келді. Мен оны

қасымнан қудым. Ол: «Ант етейін, сен менен қашып

құтылсаң да, сенен кейінгілер менен құтыла алмай-

ды, қайткенде де құрығыма ілінеді», – деп кетті»,

– деп түсіндірді.

Хазірет Әбу Бәкір осыны айтып:

– Осы суық суды ішем деп мен де дүниеге

құмартқан жоқпын ба?! – деп жыладым деді.