Previous Page  50 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 50 / 208 Next Page
Page Background

50

Тағылым таразысы

Ықылас

Әбу Бәкір (р.а.) өз үйінің ауласында үнемі дауыстап

Құран оқитын. Бірте-бірте меккеліктер әйел-еркек, жас-

кәрі деместен барлығы топтасып келіп, Құран тыңдау

үшін оның үйінің айналасына жиналатынды шығарды.

Араларынан Исламды қабылдағандары да кездесті.

Бұлай кете берсе мұсылмандардың қатары күн санап

көбейе түсер деген қорқынышпен мүшріктер әрекетке

көшті. Әбу Бәкірдің (р.а.) Меккедегі қамқоршысы,

тірлігіне тілектес, қорғанышы болып жүрген Ибн

Дуғанаға бірнеше рет қоқан-лоқы көрсетті.

Аммар ибн Ясирдың оқыған намазына қарап та

мұсылмандықты мойындағандар аз емес еді. Мұны

сезген мүшріктер оның қорғаушысы Әбу Жәһилді

жәбірлеп, Аммарға намаз оқытпауды талап етеді.

Аллаһқа құлшылық жасаған қаншама сахабаларды осы-

лай жазалап, басына әңгір-таяқ орнатумен болды.

Алайда олардың шынайы ықыласы ақиқатқа ынтық

адамдардың көзін ашпай қоймады.

Әбу Бәкірдің бір түнгі ғибадаты

АрдақтыПайғамбарымыз (с.а.с.) бақиға аттанғаннан

кейін мұсылмандар өз ішінен бір басшы сайлау

қажеттігін талқыға салды. Кей кісілер бірін ансардан,

енді бірін мұһажирлардан екі басшы сайлайық деген

пікірді де алға тартты. Бұған бірінші болып хазірет Омар

(р.а.) көнбеді. Соңында бәрі бірауыздан хазірет Әбу

Бәкірді (р.а.) таңдады. Себебі Пайғамбарымыз (с.а.с.) әл

үстінде жатқанда, жамағатты Әбу Бәкірге ұйытып, намаз

оқытып еді. Бұған қоса ол – Пайғамбарымыздың (с.а.с.)

бала күнінен бері келе жатқан жақын досы, тіршілігінде