56
Тағылым таразысы
«Кеше кім едің?»
Халифа Омар (р.а.) мешіт мінберіне шығып халыққа
құтпа оқып тұрып, әлден уақытта іркіліп қалып: «Әй,
Омар, сен кеше ғана әкең Хаттабтың түйесін баққан
малшы емес пе едің?» – дейді. Жұрт аң-таң. Сірә, ешкім
ештеңе түсінбесе керек. Кейін бұл сөзді неге айтқанын
сұрағандарға халифа:
– Мінберге шығып сөйлеп жатқанда, әлдеқандай
ой келді. Тәкаппарлықтан қорқып, өз-өзімді сабама
түсірдім, – дейді.
Ұлық болсаң кішік бол
Бір күні Ахнаф ибн Қайыс жанында тағы да өзі
сияқты екі-үш кісі бар, жұмыспен халифаға келеді. Ха-
лифа Омар (р.а.) үйінде жоқ, бір түйе бұйдасын үзіп
кетіп, соны ұстай алмай қуалап жүр екен. Түйе жеке
адамның емес, қазынаның малы болса керек, халифа
келгендердің сәлемін алар-алмас:
– Кәне, мына түйені ұстайық, айырылып қалсақ,
қаншама адамның ақысы мойнымызда кетеді, – дейді.
Қонақтардың бірі халифаға:
– Сіз халифа емессіз бе? Түйені ұстауды
жалшыларыңызға-ақ тапсырсаңыз болмай ма? – деген-
де, халифа:
– Менен артық саған басқа қандай құл керек?! –
деп ашуланған екен.
Зәру кездегі бір дирхам
Хасан Басри (р.а.) әңгімелеуде:
«Бірде бір кісі Османға (р.а.) келіп: «Ей, дәулеттілер!
Садақа үлестіру, құлдарды бостандыққа шығару,