Previous Page  62 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 62 / 208 Next Page
Page Background

62

Тағылым таразысы

да көп береді. Ал біздің жағдайымыз өзіңізге белгілі», –

деп мұңын шағады.

Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Оларға жету үшін сен-

дерге бір амал үйретейін бе? Егер осы үйреткенімді

істесеңдер, мерейлерің үстем болады. Сендерден озғысы

келген біреу болса, тек осы амалмен ғана озады. Басқа

ешкімнің де алдарыңа түсе алмайды», – дейді.

Олар бұны естуге құмартқанда, «Әр намаздан соң

33 мәрте «субханаллаһ», 33 мәрте «әлхамду лиллаһ»,

33 мәрте «Аллаһу әкбар» деуді ұмытпаңдар», – деген

жауап естиді.

Олар осы дұғаны үздіксіз оқиды. Бірақ көп ұзамай

байлар да бұл дұғаны үйреніп алып оқи бастайды.

Мұһажирлердің кедейлері қайта келіп жүгінеді:

«Уа, Аллаһтың елшісі, бұл амалды бай бауырларымыз

да естіп, олар да біз секілді осы ғибадатпен амал етуде»,

– дейді.

Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с): «Бұл Аллаһтың

жақсылығы. Мұны қалағанына береді», – дейді.

Сәжде мен сәлем

Эфиопия жеріне һижрет жасап барғанда,

мұсылмандардың басшысы Жағфар (р.а.) Нәжаши

патшаның алдында сол елдің дәстүріне сай маңдайын

жерге тигізіп емес, тік тұрып есендеседі. Патша алдында

жасқанып жалтақтамайды.

Нәжаши бұндай сәлемдесу түрін ерсі санап: «Неге

менімен дұрыстап амандаспайсың?» – дейді.

Жағфар ибн Әбу Талип (р.а.):

«Біз әлемдердің раббысы Аллаһ тағалаға ғана бас

иеміз және Одан басқаға сәжде жасамаймыз. Арамыздан

соңғыпайғамбаршықты.Олбізгежаннаттықадамдардың