Previous Page  67 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 67 / 208 Next Page
Page Background

67

Сахабалар мен табиғиндер сабағы

Мұғауия (р.а.): «Менен не тілейсіз, айтыңыз?» – де-

генде, қария: «Өткен өмірді қайтаруға, я жақындаған

ажалдан алып қалуға күшің жете ме немене?» – дейді.

Мұғауия (р.а.): «Оған күшім жетпейді, әрине», – деп

күмілжігенде, қария: «Ендеше, сенен не сұрамақпын?!»

– деген еді.

Ілім жоғала ма?

Язид ибн Үмәйра (р.а.) жеткізген екен:

Сахабалардан Муаз ибн Жәбәлдің (р.а.) әл үстінде

жатқан кезі. Жұрт тегіс жиналып жылап отырады. Муаз

(р.а.) олардан:

– Неге жылайсыңдар? – деп сұрайды.

– Сенімен бірге кететін ілімді жоқтап жылаймыз.

– Ілім мен иман жоғалмайды, қияметке дейін

қалады. Кім ізденсе, бұл екеуін табады. Бұлар Құран

мен сүннетте тұнып тұр. Ілімді басқадан емес, Омар,

Осман, Алиден (р.а.) алыңдар. Ақиқатты кім айтса,

мойындаңдар. Өтірікті кім айтса, одан бойларыңды

аулақ салыңдар, – деп халықты жұбатты.

Үш түрлі адам

Тарық ибн Шиһаб (р.а.) әңгімелеуде:

«Бірде Сәлман Фарисидың үйіне барып, түнде

қалай намаз оқитынын көргім келді. Түн ауа тұрды да,

кәдімгідей ғана намаз оқыды. Одан ерекше құлшылық

күткен мен әлгіні азсындым. Менің күйімді түсінген бо-

луы керек, өзі бастап мені сөзге тартты:

– Бес уақыт намазға қатты мән бер. Адам бала-

сы өте ауыр күнә жасамаса, бұл бес уақыт намаз ұсақ

күнәларын жуып-шаяды. Адамдар кешке қарай үш

түрлі болады. Түн кейбір адамдарға пайда, кейбіреуге