Previous Page  72 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 72 / 208 Next Page
Page Background

72

Тағылым таразысы

Сүәйдтің кітапшасы

Мәдина қаласында ғұмыр кешкен Сүәйд ибн Са-

мит өжет, әрі айбынды, өзі ақынжанды қария кісі еді.

Қағбаны зиярат ету үшін Меккеге келген беті болатын.

Оның Меккеде екені туралы хабары жеткенде, Исламды

насихаттау үшін Аллаһ елшісі оны іздеп барды. Құран

аяттарын оқып, Исламды қабылдауға шақырды. Сүәйд

Пайғамбарымыздың уағызын ұйып тыңдағанымен Ис-

ламды қабылдаған жоқ, не қабылдамаймын деп кері

қайтармады да. Тек Құранға қатысты пікірін: «Оқыған

аяттарыңнан мін таппадым, бірақ мендегі үнемі таста-

май алып жүретін сөздерге де ұқсай ма деп қалдым»,

– деп жеткізді.

– Ол не нәрсе? – деді Пайғамбарымыз.

– Лұқманның хикметті сөздері жазылған кітапша,

– деді Сүәйд.

– Кәне, оқып көрші? – деді Пайғамбарымыз.

Сүәйд өз кітапшасындағыны оқығанда:

– Мұның да керемет сөз екендігі шүбәсіз, бірақ

Аллаһтың маған түсірген Құранымұнда жазылғандардан

әлдеқайда жоғары, әрі ақиқат пен маңызға толы.

Құранның адамзатқа белгілеп көрсеткені – тура жол,

әрі жарық нұрлы даңғыл, – деді Расулаллаһ (с.а.с.).

Сүәйд Меккеден Мәдинаға қайта оралды.

Пайғамбарымызбен сұқбат өткізген мезгілден көп уақыт

өтпей-ақ біреулердің қолынан қаза тапты.

Руластуыстарыолжайлы:«Бізоныңмұсылмандықты

қабылдап барып көз жұмғанын көрдік», – дейді.

Садақа беруге құштарлық

Сахабалардан Талханың әйелі Суғда әңгімелеуде: