77
Сахабалар мен табиғиндер сабағы
Нәпсі
Сахабалар Пайғамбарымызға (с.а.с.) бір кісінің
жақсылықтарын әңгімелеп отырғанда, сол мезет әлгі
адамның өзі шыға келеді. Сахабалар: «Сізге мақтап
жатқанымыз – осы кісі», – дейді. Алайда Пайғамбарымыз
(с.а.с.): «Мен оның жүзінен қарауытқан шайтани нәрсе
көріп тұрмын», – деп жауап берді.
Әлгі кісі сәлем беріп қасына келгенінде, Аллаһ
елшісі: «Әй, пәленше, Құдай үшін айтшы, нәпсің іштей
«сен ең жақсы адамсың» деп жатыр ма?» – дегенде, ол
«Иә» деп мойындаған еді.
Қалай білем?
Айша анамызға (р.а.) бір кісі келіп: «Адам өзінің
жақсы екенін қалай біледі?» – деп сұрағанда, «Өзін
ең жаман адаммын деп қабылдағанында» деген жауап
естиді.
«Ал өзінің жаман екенін қалай біледі?» – деп
сұрағанда, «Өзін ең жақсы адам санағанында» деген
жауап естиді.
Жетімге жанашырлық
Мұхаммед ибн Қайыстың айтуынша, саха-
ба Абдуллаһ ибн Омарға (р.а.) дастархан басын-
да пақырлармен бірге отырмаса ас батпайды екен.
Түскі және кешкі асқа айналасындағы жетімдерді де
шақыратын ерекше әдеттің иесі көрінеді.
Бір күні түскі ас уақытында бір жетімді алдырып,
дастархан жайды. Алайда ас ішер кезде оны таба ал-
май қалады. Тамақ ішіп болған сәтте ғана әлгі жетімнің
қарасы шалынды. Абдуллаһ ибн Омар қолына алып өзі