81
Сахабалар мен табиғиндер сабағы
әлгі (бергің келмеген) нанның орнына келген нығмет»,
– деді».
«Иә, үміттімін»
Алқама – жүздеген сахабалардан хадис риуаят ет-
кен табиғин имамы. Ол өз замандастарынан озық болу-
мен қатар өте кішіпейіл де еді.
Бір күні біреу Алқамаға қарадай тиісіп, айтпаған
сөз қалдырмайды. Ол кезең ел ішінде әртүрлі бүлік
белең алып, адамдар жазықсыз күйе жағу, жала жабуға
арланбайтын кез еді. Ірі имам өзін сөккен адам сөзін
аяқтағанша, үндемей тыңдайды да соңында мына бір
аятты оқиды:
«Мүмин ерлер мен әйелдерге жасамаған нәрсені
таңып қинағандар, істемеген күнәні айтып оларды
қаралағандар, өте ауыр бір қателік жасап, ап-ашық
күнәға кірген болып табылады»
5
Әлгі кісі бұны естігенде: «Сонда өзіңді мүминмін
деп тұрсың ба?» – деп ежірейеді. Сонда үлкен имам өзіне
жарасатын байсалды мінезін бұзбай: «Иә, үміттімін», –
деп қана жауап береді.
Жарты ғасыр жамағатпен
Саид ибн Мүсәйяб – хадис, тәпсір, фиқыһ ілімі
дегенде табиғиндер арасынан ең алдымен еске түсетін
кісі.
Саид ибн Мүсәйяб 15-20 жастарында-ақ пәтуа бере
бастаған. Сахабалар оған қайран қалатын, әрі батасын
беретін. Бірде Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) оған таңғалып:
5
«Ахзаб» сүресі, 58-аят