78
Тағылым таразысы
ішкелі отырған шәрбатты оған ұсынып: «Сен мына-
ны іш, өте дәмді», – деді. Ол шәрбатты басына бір-ақ
көтерді.
Міскінді киіндіру
Ибн Аббас (р.а.) әңгімелеуде:
Бірде бір
4
пақыр өз бұйымтайын айтып келді. Мен:
«Аллаһтан басқа тәңірдің жоқ екендігіне, Мұхаммед
Оның құлы әрі елшісі екендігіне кәулік етесің бе?» –
дедім. «Иә», – деді.
– Рамазан оразасын тұтасың ба?
– Иә, тұтамын.
«Сен бұйымтайыңды айттың. Енді сені құр қол
қайтармау біздің міндетіміз», – дедім де оған киім
ұсындым. Сосын Аллаһ елшісінен естіген «Кімде-кім
бір мұсылман бауырын киіндіретін болса, қашан ол
сол киімді үстінен тастағанша, Аллаһ тағала киіндірген
адамды тікелей өз қорғауына алады» деген хадисті айт-
тым.
Әбу Талханың құрма бағы
Хазірет Әнәс (р.а.) әңгімелеуде:
«Әбу Талха ең үлкен құрма бағына ие еді. Алай-
да оның ішінде Бәйруһа деп аталатын бақшаны өзгеше
ұнататын. Бұл бақ мешіттің дәл қарсы алдында бола-
тын. Кейде Аллаһ елшісі сол баққа соғып, бұлақтан су
ішетін.
«Сүйген нәрселеріңді (дүние-мүлік, күш-қуат,
ақыл, білім т.б.) Аллаһ жолында жұмсамайынша, шы-
найы түрде игілікке қол жеткізе алмайсыңдар» деген
4
«Әли Имран» сүресі, 92-аят