79
Сахабалар мен табиғиндер сабағы
аят түскен кезде, Әбу Талха: «Уа, Расулаллаһ! Дүние-
мүлкімнің арасынан Бәйруһа бағын жанымдай жақсы
көруші едім. Оны енді Аллаһ жолына бергім келеді»,
– дейді.
Бұған риза болған Пайғамбарымыз: «Бұл неткен
олжалы сауда!» – деп ілтипат көрсетті.
Басқа бір риуаятта Аллаһ елшісі Әбу Талхаға:
«Ниетіңді құптаймын. Алайда оны туыстарыңа
таратқаның абзал», – дейді. Әбу Талха: «Жарайды,
айтқаныңыздай орындаймын», – деп құрма бағын
ағайын-туыстарына теңдей бөліп береді».
Әркім пиғылына қарай
Уәхб ибн Мүнәббих былай деген:
«Ілім мөп-мөлдір жаңбыр тәрізді. Аспаннан жау-
ын жауғанда, әрбір ағаштың тамыры онымен шөлін
қандырып, өз дәміне тартады. Жемісі ащысы барған
сайын ащы, тәттісі барған сайын тәтті бола түседі.
Ілім де осы сияқты, әр адам оны өз пиғылына қарай
қабылдайды. Біреулер барған сайын тәкаппарлана
түссе, енді біреулердің барған сайын кішіпейілдігі арта
түседі».
Зейнеп анамыздың жомарттығы
Мұхаммед ибн Кағб әңгімелеуде:
Әлдебір істі бітірген кезде Жаһшқызы Зейнептің
үлесі он екі мың дирхам еді. Түскен табыстан бір-ақ рет
үлес алды. Соның өзінде ақшаны қолына ұстап тұрып:
«Раббым, осыншама ақшаны маған қайтып нәсіп етпе,
өйткені бұның өзі мен үшін үлкен сынақ», – деді. Кел-
ген ақшалардың барлығын жақындары мен мұқтаждарға
бөліп берді.