87
Сахабалар мен табиғиндер сабағы
Жасы кіші демеңіз
Хазірет Омар (р.а.) қария сахабалардан құралған
«Ақылдастар алқасына» жасы кішілігіне қарамастан
Абдуллаһ ибн Аббасты да (р.а.) қосты. Басқалардың
оны баласынғандай сыңай танытқанын байқағанда,
хазірет Омар (р.а.) алқалы қауымға «Наср» сүресін
оқып, оның астары қандай мағына білдіретінін сұрады.
Олар: «Аллаһтың көмегі мен жеңісі келгенде, ел топ-
тобымен Ислам дінін қабылдайтын болады. Сол кез-
де Раббыңды пәкте, мадақта, әрі кешірім тіле» деген
мағынаға келеді», – десті. Хазірет Омар сол сұрақты
Ибн Аббасқа да қойғанда, ол: «Бұл сүре Расулаллаһтың
тіршіліктегі дәм-тұзы таусылғандығын ұқтыруда.
Елдің топ-топ болып Ислам дінін қабылдауы адамзатқа
дінді жеткізуші елшінің міндеті аяқталғанын білдіреді.
(Ендігі жерде Расулаллаһтың міндеті – өзіне осынша-
ма нығметтерді жаудырған, бар себептерді бір-бірімен
үйлестіруші Аллаһты пәктеу, бар жақсылықты Жара-
тушыдан деп білу, күнәсі жоқ болса да толайым рухани
мәртебелерді артқа тастағанын өзіне күнә санап, сол
өткен күндеріне кешірім тілеу)», – деп жауап береді. Бұл
жауапты естігенде, хазірет Омар (р.а.) жаңағы кісілерге
қарап: «Ибн Аббасты, міне, осындай зеректігі үшін
араларыңызға қостым», – деген еді.
Ұруа ибн Зүбәйір
Табиғиндерден Ұруа ибн Зүбәйір ибн Аууам өз за-
манында білім мен тақуалықта алдына жан салмаған.
Жасы жеткен шағында аяғындағы жара асқынып,
дәрігерлер кесу керектігін айтады. Аллаһ берген дене
мүшесін кескізу-кескізбеу тұрғысынан біраз ойланады.
Алайда жара біршама асқынған кезде, келісімін береді.