89
Сахабалар мен табиғиндер сабағы
ша – бар дүниені ұмытқандай күй кешеді. Бір қызығы,
шіркеудің терезесінен сыртқа қараған жендеттер тағы
жануарлардың оған тиіспей қасына барып шоқиысып
отырғанын көріп таңғалады. Бірақ Хажжаждың да,
жендеттерінің де тас боп қатқан жүрегі бұған жібімейді.
Оны құрбандыққа шалатын мал тәрізді ортаға алып
келіп, ит қорлыққа салады. Ол болса алдыңғы айтқанын
қайталап: «Сендердікі дұрыс емес. Әсіресе әһл-
бәйтке әділетсіздік жасап отырсыңдар. Мен сендерге
мойынсұнбаймын» деуден жалықпайды. Жендеттер
басын шабарда, құрбан соятын кезде оқылатын аятты
оқиды: «Ханиф ретінде (ширкпен кірлемеген, кіршіксіз
таза ұжданмен) жүзімді көктер мен жерді жаратқан
Аллаһқа бұрдым әрі мен мүшріктерден емеспін»
8
. Жүзін
күштеп құбыладан басқа жаққа бұрғанда, «Қай жаққа
бұрылсаң да, Аллаһ сол жақта» деген аятты оқиды
9
.
Өліммен бетпе-бет келіп, жаны қысылған сәтте де
рухы мықты мүмин өзіне тән қайсарлығынан танған
жоқ, соңғы рет қылышпен шабылып, басы жерге до-
малап бара жатқанда, «Лә иләһа иллаллаһ, Мұхаммед
расулаллаһ» дейді.
8
«Әнғам» сүресі, 79-аят
9
«Бақара» сүресі, 115-аят