Previous Page  91 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 91 / 208 Next Page
Page Background

91

ІІІ Бөлім

ТАҚУАЛЫҚ ТӘМСІЛДЕР

Раббым, өзің кешіре гөр!

Тақуа кісілерден Әбу Али әд-Даххак әңгімелеуде:

«Қатты науқастанған досымның көңілін сұрай

барғанымда, оның солқылдап жылап жатқанын көрдім.

Өзі өте діндар шәйх еді, жасы да бірталайға келген.

Жанында шәкірттері қоршап отыр екен. «Әй, шәйх,

неге жылайсың? Жоқ әлде мына қу дүниені қимайсың

ба?» –дегенімде, «Жоқ, жіберіп алған намаздарыма

жылаймын», – деді. «Бұл қалай, сен намаздарыңды қаза

етпеуші едің ғой?» – дегенімде, «Солардың ешбірін

ғапылдықсыз оқыдым деп айта алмаймын, ғапылдықсыз

сәждеден басымды көтермеген кезім жоқ шығар, енді

міне ғапылдықтан көз ашпаған күйі өліп бара жатыр-

мын», – деп өкіне жауап қатты. Сөйтті де терең күрсініп

мына өлең жолдарын оқыды:

Мазарымнан түрегеліп, махшарға барғанымды

елестеттім,

Ешқандай атақ, абырой пайда бермейтін кезді.

Амал дәптерім берілгендегі бейшара жағдайымды.

Күнәларыма қайтіп есеп беретінімді ойласам, шы-

бын жаным шырқырайды.

Алайда, раббым өзіңнен үмітімді үзгім келмейді.

Сен мені кешіре гөр!