Previous Page  92 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 92 / 208 Next Page
Page Background

92

Тағылым таразысы

Салауат айту

Көнеден келе жатқан әңгімелердің бірінде, бір кісі

түсінде Мұхаммед пайғамбарымызды

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

көреді. Алайда, неге екенін, пайғамбарымыз оған

бұрылып қарамайды. Ол кісі: «Уа, Аллаһтың елшісі,

әлде маған ашулысыз ба?» – деп сұрағанда, «Жоқ» де-

ген жауап естиді.

– Онда неге маған қарамайсыз?

– Өйткені сені танымадым.

– Мені қалай танымайсыз, мен сіздің үмбетіңізбін

ғой. Ғалымдар сізді үмбетін өз баласын таныған анадай

таниды деуші еді.

– Ғалымдарыңыз дұрыс айтқан, бірақ сен салауат

айтып, мені есіңе алмадың. Менің үмбетімді тануым

маған айтқан салауаттарына байланысты.

Осы сәт әлгі кісі оянып кетеді. Сол күннен ба-

стап күніге жүз салауат айтуды бұлжымас әдетке ай-

налдырады. Біршама уақыттан соң тағы да түсінде

Пайғамбарымызды (с.а.с.) көреді. Пайғамбарымыз оған:

«Сені енді таныдым. Ақыретте саған да шапағат жасай-

мын», – деп сүйінші хабар айтады.

Өйткені әлгі кісі салауат айтып жүріп,

Пайғамбарымызды жақсы көріп кеткен еді.

Тәубе

ИбраһимӘдхам алғашқыда Қорасан дәулеттілерінің

бірі еді. Бірде сәнді сарайының бір терезесінен сыртқа

көз салып тұрып, алыстан бір адамды көреді. Әлгі кісі

қолындағы бір тілім қатқан нанды жеп, сәлден кейін

ұйқыға бас қояды. Ибраһим бір қызметшісін жіберіп,

ол кісі оянғанда өзіне ертіп келуін тапсырады. Біршама

уақыттан кейін қызметшісі әлгі кісіні ертіп келеді.