Previous Page  98 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 98 / 208 Next Page
Page Background

98

Тағылым таразысы

араларынан біреуін қалаға барып, керек-жарақ әкелуге

жұмсайды. Алайда жолға шыққан жігіт айналаның аз

уақытта адам танымастай қаттыөзгергеніне таңырқайды.

Шаһардың ғана емес, халықтың да өзгеріп, иманды

елге айналғанын танып, өз көзіне өзі сенбейді. Есіне

өзін асыға күтіп отырған достары түсіп, жұмысын

тезірек бітіріп қайтқанды жөн көреді. Жолай нан са-

тып алғаны сол еді, көне замандағы ақшаны көріп,

наубайшы таң-тамаша болды. Тым ескі ақшаны қайдан

алғанын сұрағанда, таудан түскен жігіттің жауабына

ешкім сенбеді. Істің ақыры патшаның алдына барғанда

анықталды. Шаһар халқына үш ғасыр бұрын өмір сүрген

адамдар келгені туралы ақпарат лезде тарады. Тіпті, та-

рихтан бұл жігіттердің атын, өмірбаянын білетіндер де

табылды. Ел оларды әлдеқашан шейіт болып кеткен деп

біледі екен, дегенмен ақиқат білінген соң, ол жігіттердің

қайтыс болғандығы айтылады.

Шыншыл бала

Абдулқадыр Гейлани бала кезінде білім іздеп

Бағдатқа жол тартпақ болады. Ұлының шапанының аста-

рына ақша тігіп беріп жатып шешесі: «Балам, ешқашан

өтірік айтушы болма», – деп өсиет айтады. Осылайша

болашақ ғұлама керуенге ілесіп жолға шығады. Бір күні

күтпеген жерден қарақшылар кезігіп, керуендегілерді

қорқытып, дүние-мүліктерін тартып алады. Бір уақытта

қарақшылардың бірі:

– Әй, бала, сенде не бар? – деп ақырып қалады.

– Қырық алтыным бар, – дейді бала.

– Қырық алтын? Қане?

– Шапанымның астарында тігулі.