99
Тақуалық тәмсілдер
Қараса, расында да, қойынында тігулі алтындары
бар екен. Бұны көргенде қарақшылар:
– Бекер айттың. «Ештеңе жоқ» дей салсаң, сені
ешкім тексермес еді, – дейді қарқ-қарқ күліп.
– Қателесесіз, – дейді сонда бала, – мен өтірік айта
алмаймын, өйткені маған анам кетерімде өтірік айтпау-
ды ескерткен. Егер сіздерді алдасам, біріншіден, күнә
жасар едім, екіншіден, анамның өсиетін жерге тастаған
боламын.
Қарақшылар баладан мұндай жауап күтпеп
еді. Қапелімде ештеңе айта алмай сасып қалды.
Қарақшылардың басшысы болса ойланып тұрып:
– Бұл бала бізге үлкен сабақ ұқтырды. Қарашы,
кіп-кішкентай болып, уәдесін бұзудан, күнә жасаудан
қорқып тұр. Қандай тазалық?! Ал біз үлкен бола тұра
күнә жасаудан шімірікпейміз, – дейді.
Сөйтті де керуендегілердің заттарының бәрін кері
қайтарады. Керуен тонаумен жан баққан топ мүшелері
көп өтпей тәубе етіп, қарақшылығын сап тыйды.
Кедейді жақсы көру
Бірде кедей кісілердің бірі ғалым, әрі тақуа Суфи-
ян әс-Сәуридің қасына барып, сұқбатына қатысқысы
келетінін білдірді. Cуфиян оған: «Кел, төрлет, егер бай
болғаныңда сені қасыма алмас едім», – деді.
Кедейлерді жақсы көріп, байларға жақын жүруді
аса ұнатпайтындықтан, Суфиянның кейбір бай достары:
«Қап, кедей болғанымызда ғой» дейтін.
Муәммил (р.а.): «Сәуридің ғылым мәжілістерінде
ең көп құрмет көретіндер – кедейлер, аса көңіл
бөлінбейтіндердің байлар екенін көрдім», – деген.