Previous Page  104 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 104 / 208 Next Page
Page Background

104

Тағылым таразысы

Жоғалған әмиян

Тақуа құлдардан Амр ибн Динардың айтуы-

на қарағанда, көне уақытта Мәдиналық бір кісінің

қала шетінде тұратын қарындасы бар еді. Науқас

болғандықтан, жиі барып қалын сұрап тұратын. Бір күні

бауыры аурудан қайтыс болғанда, әлгі кісі оны арулап

жерлеп, үйіне қайтты.

Үйіне келген уақытта әмиянын жоғалтып алғанын

байқады. Ойланып-толғанып, оны зиратты қазғанда

ұмытып кеткені есіне түсті. Іле бір досын ертіп қабірге

барды. Топырақты қазып, қабірге түсіп, әмиянын тауып

алды. Осы кезде өліктің туысы досына: «Сен сәл ары

бара тұршы, мен қарындасымның қандай күйде екен,

көрейін», – деді. Сөйтіп қабірдің ішкі жағын ашпақ

болғанда, лахаттың жанып жатқанын көріп шошып

кетті.

Бұл тегін емес болар деп, дереу шешесіне

жүгіріп барып: «Қарындасым қандай еді? Жақсы-

жаман қылықтарын айтыңызшы?» – дегенде, шешесі:

«Қарындасың тірі кезінде есіктің артында тығылып

тұрып, көршілердің айтқан әңгімелерін тыңдауға құмар

болатын. Сосын естіген-білген өсек-аяңының бәрін

жіпке тізгендей жұртқа жаятын жаман әдеті бар еді»,

– деді.

Сонда барып әлгі кісі сөз тасу, өсек-аяңға үйір

болудың қабір азабына себеп болғанын түсінді.

Әке мен бала

Тасаууыфжолындаүлкенізқалдырғанғұламалардың

бірі Фұдайыл ибн Ияздың Али деген ұлы бар еді. Бір күні

ғұлама ұлын құшағына алып, әр нәрсені әңгіме қылып

отырғанда, әкесінің мойнынан құшақтаған баласы: