Previous Page  68 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 68 / 208 Next Page
Page Background

68

Тағылым таразысы

зиян әкеледі. Енді біреуге пайда да, зиян да әкелмейді.

Алғашқы топтағылар түн баласы көз ілмей ғибадат жа-

сайды. Ал өздеріне кесір тигізетіндер түнделетіп түрлі

күнә жасайтындар. Үшінші топтағылар, жылы төсекте

таңға дейін қамсыз ұйықтаушылар. Бұларға зиян да,

пайда да жоқ. Уа, Тарық, ақырын жүріп, анық бас, өзіңе

қатты қинайтындай істерге аса құмартпа».

Ұмытпа

Өзінен өсиет сұрап келген кісіге сахаба Әбу Дарда

(р.а.) былай дейді:

– Таршылықта көмектессін десең, басың ауырып,

балтырың сыздамаған кеңшілікте Аллаһты есіңе алып

жүр. Кез келген жақсылыққа қол жеткізгенде, оны саған

Құдайдың нәсіп еткенін ұмытпа.

«Әкеңді сыйла»

Бірде сахаба Әбу Һұрайра (р.а.) жолда кетіп бара жа-

тып Әбу Ғассанды (р.а.) жолықтырады. Әбу Ғассанның

соңынан бір кісі еріп келеді екен. Әбу Һұрайра арт жақта

келе жатқан адамның кім екенін сұрайды. Әбу Ғассан

ол кісінің өз әкесі екенін білдіргенде, Әбу Һұрайра

оған дереу: – Бұл ісің жөн емес, Пайғамбарымыздың

сүннетін ескермеген екенсің. Әкеңнің алдында жүру –

ерсі қылық. Әкеңнің не артынан жүр, не оң жағында

жүр. Астың дәмдісін әуелі әкеңнің алдына тарт. Тамаққа

әкең алдымен қол созсын. Қабағыңмен болса да жасқап,

оның көңіліне селкеу түсірме. Ол тізе бүкпей тұрып, сен

отырушы болма. Әкең ұйықтамай жатып, сен жастыққа

бас қойма! – деп асыл дінімізде ата-ананы құрметтеу

шарттарын баян етті.