Previous Page  66 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 66 / 208 Next Page
Page Background

66

Тағылым таразысы

Көнбедім

Ибн Аббас (р.а.) басынан өткен мына бір оқиғаны

әңгімелеуде:

«Бірде өз-өзінен көзімнің көру қабілеті қатты на-

шарлап кетті. Сол кез маған біреулер келіп:

– Егер бірнеше күн намазыңды қоя тұрсаң, көзіңді

емдеуге болады, – деді.

Мен оларға: – Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Егер бір

адам намазын тастаған күйі қайтыс болса, алдынан азап

тосып алады» дегенді естіп едім, – деп көнбедім».

Құран жолымен жүргендер

Ибн Мәсғуд (р.а.) айтқан екен:

– Құран жолын ұстанғандар түнде жұрт ұйықтап

жатқанда – ояу болуы, күндіз жұрт жеп-ішкенде – ораза

ұстауы, олар көңіл көтеріп жатқанда – ой құшағында

болуы, басқалар көкіректенгенде – қарапайымдылық

танытуы керек. Құран жолындағылар көкірегі мұңды,

көзі жасқа толы болуы керек. Хикмет, ілім, даналықты

бойына сіңіруі ләзім. Олар аз сөйлейді. Ғапылдық,

сабырсыздық оларға тән емес.

Сенен не сұрамақпын?!

Бірде екі ғасырға жуық өмір сүрген Нәжрандық бір

қария сахабалардан Мұғауияға (р.а.) қал сұрап келеді.

Хазірет Мұғауия (р.а.) одан: «Өмірді қалай өткіздіңіз?» –

деп сұрайды. Қария: «Бір жылдары ашаршылық көрсең,

енді бір жылдары молшылық көресің. Күнді күн, түнді

түн қуалап өте береді екен. Біреулер туылып жатса, енді

біреулер өліп жатыр. Ешкім туылмаса, адамзат құрып

кетер еді. Ал ешкім өлмесе, дүниеге адамдар сыймас

еді», – дейді.