Previous Page  71 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 71 / 208 Next Page
Page Background

71

Сахабалар мен табиғиндер сабағы

дар тартылып ауыр-жеңіл екені белгілі болғанға дейін,

амал дәптерлері оңнан яки солдан берілгенге дейін,

жаһаннамның үстіне Сырат көпірі құрылып, өтіп-өте

алмауың белгілі болғанға дейін.

Анасы мен ұлы

Әрқамның үйінде тура жолға түскендердің бірі

– Түләйб ибн Омар (р.а.) еді. Ол Абдумүттәліпқызы

Әруаның ұлы болатын.

Бір күні Түләйб анасына:

– Мен Мұхаммедті тыңдап мұсылман болдым, –

деді.

– Әрине, бір жағына шығысып, сүйеніш болуыңа

нағашы ағаңның ұлы әбден лайық. Шамам жетсе, мен

де оны жанымды салып қорғар едім, – деді анасы.

Түләйб анасының бұл сөзіне таңырқап:

– Анашым, сізге мұсылман болуға не кедергі?

Бауырыңыз Хамза да мұсылман болды ғой, – деді. Ана-

сы:

– Апа-сіңлілерімнің жағдайына қарап көрем.

Олар нендей шешім қабылдаса, мен де сондай шешім

қабылдармын, – деді.

– Олай болса, сіз мұсылман болғанша, мен Аллаһқа

жалбарына беремін.

Ұлының осыншалық шынайы қалауы Әруаның

жүрегін қозғап, көңілін жібіткендей болды. Сол

саңлаудан сәуле боп құйылған Ислам нұры оның жан

дүниесін нұрландырды. Артынша ұлының көзінше

Аллаһтың бір екендігіне және Мұхаммедтің

(саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм)

пайғамбар екеніне куәлік етті.