65
Сахабалар мен табиғиндер сабағы
Бұл сөз Абдуррахман ибн Ауфқа (р.а.) жеткенде:
«Шамам жетсе, еңбектеп емес, екі аяғыммен адым-
дап кіргім келеді», – деді де, сауаптарын арттыра түсу
ниетімен әлгі керуенді жүктерімен қоса Аллаһ жолына
атады».
«Кімде-кім бауырының айыбын жапса...»
Бірде Әбүл-Хайсам:
– Менің кей көршілерім арақ ішеді. Осыларды
ұстап беріп, бір жазалатсам ба екен? – дейді. Ұқба ибн
Амр:
– Қой, олай жасағаның жөн болмас. Одан да оларға
насихат айт, – деп ойын білдіреді.
– Қайдан, мені тыңдар емес. Әй, жазалатқан дұрыс-
ау... – дейді көршісінің әбес қылығынан жапа шегуші.
– Жоқ, ондайға бармағаның абзал, өйткені мен
Аллаһ елшісінің «Кімде-кім бауырының айыбын жап-
са, тірідей топыраққа көмілген қыз баланы аман алып
қалғандай сауапқа кенеледі» дегенін естіп едім, – деген
жауаппен сабырға шақырады.
Қолы ұзын адам
Айша анамыз (р.а.) әңгімелеуде:
Аллаһ расулы (с.а.с.) бақиға аттанбай тұрып өз
жарларына «Маған қолы ұзын болғаның алдымен
қауышасың» деп кеткендіктен, кейде қолдарымызды
қабырғаға қойып, бір-бірімізбен салыстыратынбыз.
Аллаһ елшісінің «қолы ұзын» дегені көп садақа берушіні
меңзегендігі екенін кейін түсіндік. Зейнеп қайтыс
болғанда барып, бұл әдетімізді тоқтаттық. Зейнеп ала-
са бойлы еді. Өзі ісмер әйел болатын. Тері илеп, түрлі
киімдер тігетін. Тапқанынан көп садақа беретін».